17
наурыз
2025
«Fibonacci Robot Olympiad» олимпиадасы
🔰2025 жылдың 15-16 наурыз күндері Астана қаласында өткен робототехникадан республикалық «Fibonacci Robot Olympiad» олимпиадасында мектебіміздің оқушылары керемет жетістіктерге қол жеткізді. 4-сынып оқушылары Жұмағалт Аңсар мен Рахматулла Дінмұхаммед, сондай-ақ 7-сынып оқушылары Телтай Айару мен Серік Қазына І орын иеленіп, Түркияның Анталия қаласында өтетін халықаралық олимпиадаға жолдама алды.
🔰Бұл жеңіс – олардың табанды еңбегі мен ұстаздарының қолдауының нәтижесі. Алдағы халықаралық сайыста да сәттілік серік болсын деп тілейміз. Мектебіміздің абыройын асқақтатып, еліміздің атын әлемге таныта беріңіздер!
✅Жетекшілері :
🔹Жұмағалиева Рахат Мұратқызы
🔹Мырзаханов Ақтөре Алтынбекұлы