17
наурыз
2025
футболдан жарыс
№66 орта мектебінде 7-8 сыныптар арасында футболдан жарыс өтті!
Футбол – тек ойын ғана емес, шыдамдылық пен шеберлікті, ұйымшылдық пен жанкештілікті талап ететін спорт. Бұл жарыстың басты мақсаты – оқушыларды команда болып әрекет етуге, жеңіс үшін бірлесе күш салуға, спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға және достық қарым-қатынасты нығайтуға баулу.
Жарыс нәтижелері:
🔹 8-сыныптар арасында:
🥇 1-орын – 8 «А»
🥈 2-орын – 8 «В»
🥉 3-орын – 8 «Ә»
🔹 7-сыныптар арасында:
🥇 1-орын – 7 «В»
🥈 2-орын – 7 «Е»
🥉 3-орын – 7 «З»
⚽ Жарысқа қатысқан барлық командалар алғыс хаттармен марапатталды!
Бұл додада әр команда жеңіске деген жігерін, ұйымшылдығын және нағыз спорттық рухын көрсетті. Бүгінгі алаңдағы тартысты ойын – ертеңгі үлкен жетістіктерге бастар жол!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңісті күндеріңіз көп болсын!
