Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Нусипжанов Ерсултан Каримжанович
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №66 орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

1999 жылы 24 тамызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.
2017–2021 жж. – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КеАҚ 5В011700 – «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білім туралы үздік дипломға тәмамдады.
2021–2023 жж. – Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.
Еңбек жолы:
2021-2024 жж. – «Жамбыл облысы білім басқармасы Тараз қалалық білім бөлімінің №3 мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-ұйымдастырушы;
2021-2023 жж. – «QAZAQSTAN» РТРК Жамбыл облыстық филиалында «Қайырлы таң, Жамбыл» ақпараттық-сазды бағдарламасының жүргізушісі, ақпарат бөлімінің дикторы;
2019-2020 жж.–Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Имидж және қоғаммен байланыс» басқармасында қызметкер;
Қоғамдық қызмет:
2020-2021 жж.–ҚР Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған Студенттік Кеңес мүшесі;
2017–2021 жж.–«Жамбыл облысы жастар мәслихаты» Жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Жетістіктері:
2023 жылы Астана қаласында 9 желтоқсан–Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан зор үлесі мен жоғары деңгейдегі ақпараттық жұмысы үшін IX «Адал тұлға-2023» Ұлттық сыйлығының иегері, «Қоғамдық құрмет» номинациясымен және төсбелгісімен марапатталды.
2023 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Жас маман тәжірибесінен: ұсыныстар мен перспективалар» тақырыбындағы облыстық ашық алаңға қатысып, өз тәжірибесімен бөліскені үшін сертификат табысталды.
2023 жылы Астана қаласында өткен «Nobel Fest» педагогтердің ашық ұлттық саммитіне қатысып, сертификат иеленді.
2023 жыл Тараз қаласының қоғамдық іс-шараларына белсене атсалысқаны үшін қала әкімінің Алғыс хатын иеленді.
2023 жыл «Global science and innovations 2023: Central Asia» халықаралық ғылыми-практикалық журналында материалы жарияланғаны үшін сертификат иеленді.
2023 жылы жас мамандар арасында «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» олимпиадасының қалалық кезеңінде III дәрежелі дипломмен марапатталды.
2023 жылы «Шыңдағы шынар –Шерхан Мұртаза» драма үйірмелерінің фестиваліне оқушыларға жетекшілік еткені үшін Шерхан Мұратаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы директорының Алғыс хатымен марапатталды.
2023 жылы «Bestвидео Туған өлке» байқауының қалалық кезеңінде белсене қатысқаны үшін №3 мектеп-лицейінің оқушылары П.Шермағамбет, М.Жақыпбек, С.Серікбаев, А.Айтуғанов, М.Адуманап,Е.Сайлаубек, А.Оразбек марапатталды.
2022 жылы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында командалық жобалардың ашық шығармашылық конкурсында оқушыларға жетекшілік жасап, I дәрежелі дипломмен марапатталған. ҚР Тұңғыш Преиденті-Елбасы кітапханасы ұйымдастырған аталған конкурста №3 мектеп-лицейінің оқушылары «Қасиетті елім» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
2022 жылы Инклюзивті қоғам құру бағытындағы бағдарламаны іске асыруға орай Халықаралық Тараз инновациялық институты ұйымдастырылған «Өмірге құштармын!» жобасының I кезеңінде ерекше белсенділік танытып, жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін арнайы алғыс хатпен марапатталған.
2022 жылдың 18-22 сәуір аралығында Халықаралық Тараз инновациялық институтында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «А.Байтұрсынұлы мұрасының зерттелуі: дерек пен дәйек» (ғылым, тәрбие, рухани жаңғыру) аясында «Алаш көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбындағы өткізілген аймақтық апталықтың эссе байқауына белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін №3 мектеп-лицейінің оқушысы Вайсбек Жаннұр II дәрежелі дипломмен марапатталды.
2022 жылы «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» КеАҚ ұйымдастырған «Ғылым және білім-2022» XVII Халықаралық ғылыми конференциясында маңызды баяндама жасағаны үшін I дәрежелі дипломмен марапатталған.
2022 жыл Инклюзивті қоғам құру бағытындағы бағдарламаны іске асыру және Балалар жылына орай Халықаралық Тараз инновациялық институтында ұйымдастырылған «Өмәрге құштармын!» атты жобасының аясында өткізілген байқауда «Мейірім» мектеп-интернатының оқушысымен бірге «Бейнелеу өнерінің жұлдызы» номинациясын иеленді.
2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Алаш көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында өткізілген аймақтық эссе конкурсында өзінің жетекшілігімен оқушысы Вайсбек Жаннұр II дәрежелі дипломмен марапатталған.
2022 жылы Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директоры К.Абдрахманованың Алғыс хаты;
2022 жылы Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл туралы жастар арасындағы облыстық жобалар байқауына қатысқаны үшін III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Халықаралық Тараз инновациялық институтында ағартушы, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық әлемі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында, Исатай Тайманұлының 230 жылдығына орай «Исатай Тайманұлы: Азаттық үшін күрес» тақырыбында жас ғалымдар арасында өткен республикалық ғылыми-практикалық конференциясында, «Ыбырай Алтынсарин: Жалпы ұлттық педагогиканың қалыптасу тенденциялары» тақырыбында жас ғалымдар арасында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында және т.б бірқатар конференцияларда баяндама жасап, жинақтарда мақалалары жарияланған
Ғылыми жарияланымдары, еңбектері:
- Нүсіпжанов Е.К., «Әдебиеттің ұлттық қалыбын нығайтудағы Абай мұрасының концептуалдық ролі», «Global science and innovations 2023: Central Asia» халықаралық ғылыми-практикалық журналы, Педагогика ғылымдары, II том, Нұр-Сұлтан, 2023 жыл, қыркүйек;
- Нүсіпжанов Е.К., «Тарихи-мәдени мұраларды оқып-үйрену–рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың маңызды шарты», «Global science and innovations 2023: Central Asia» халықаралық ғылыми-практикалық журналы, Педагогика ғылымдары, II том, Нұр-Сұлтан, 2023 жыл, қараша;
- Нусипжанов Е.К.,Пертаева Э.К. «XIX ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнерінің трансформациясы», «Балалар әдебиеті тарихының қалыптасуы және жаңа Қазақстан дәуіріндегі филология ғылымынығ өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары;
- Нүсіпжанов Е.К., «Әл-Фарабидің педагогикалық және психологиялық көзқарастары», «Science and education in the modern world: challenges of the 21st century» атты IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы, Педагогика ғылымдары, II том, Нұр-Сұлтан, 2021 жыл;
- Нусипжанов Е.К., «Әл-Фараби шығармашылығы: педагогикалық және психологиялық көзқарастар», «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық әлемі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Тараз, Қазақстан, 26-27 қараша, 2021 жыл, II том;
- Нүсіпжанов Е.К. Абай Құнанбайұлының еңбектеріндегі жалпыадамзаттық құндылықтар // «Science and education in the modern world: challengs of the 21st century» атты VII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. -2020. Секция 09. Филология ғылымдары II том;
- Нүсіпжанов Е Қарама қарсы мәндес тілдік бірліктердің көркем мәтіндегі прагматикалық ерекшеліктері // Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Хабаршысы. -2017. - №32 18-22 беттер;
- Елубаев М.С., Нусипжанов Е.К. Назидания Шала Кулекеулы // Сборник статей V научно-исследовательского конкурса. 10 сентября 2019 г. г.Пенза 123 стр;
- Нүсіпжанов Е.К Абай Құнанбайұлының еңбектеріндегі жалпыадамзаттық құндылықтар – тұғырлы тұлға болудың негіздері» «Ұлы дала ұстазы» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы. -2020 №10 57 бет;
- Жампейісова Ж.М, Нүсіпжанов Е.К., Кірме сөздердің тілдік табиғаты // «Рухани жаңғыру: XXI ғасырдағы заманауи білім беру кеңістігінің парадигмалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференуиясының материалдары. -2018. Секция 1. 1 том;