01
маусым
2026
«КЕЛЕШЕК» ҰЛТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
«КЕЛЕШЕК» ҰЛТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Қазақстан Республикасында білім беру саласын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қарастырылады. Еліміздің білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан «Келешек» ұлттық бағдарламасы жас ұрпақтың сапалы білім алып, заманауи талаптарға сай тұлға болып қалыптасуына зор мүмкіндік беруде. Бағдарлама аясында білім беру ұйымдарында оқушылардың шығармашылық, ғылыми және техникалық әлеуетін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаның басты мақсаты – білім беру ұйымдарының әлеуетін арттыру, оқушылардың заманауи құзыреттіліктерін қалыптастыру және бәсекеге қабілетті ұлт тәрбиелеу. Аталған бастама аясында Тараз қаласындағы №66 орта мектепте бүгінгі күні 124 педагог қызмет атқарып, 1980 оқушы білім алуда. Мектеп ұжымы ұлттық бағдарламаның негізгі мақсаттарын жүзеге асыру жолында заманауи білім беру технологияларын енгізіп, оқушылардың сапалы білім алуына, функционалдық сауаттылығын дамытуға және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге ерекше көңіл бөлуде. Білім беру саласындағы табыстың басты көрсеткіші – педагогтердің кәсіби шеберлігі мен үздіксіз ізденісі. Мектеп директоры Шортанбекова Ф.С. – көшбасшы-менеджер, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Бүгінгі күні жетістіктер қатарында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауында Шортанбекова Ф.С. ІІІ орын, облыстық «Педагогикалық хакатон» байқауының Бас жүлде иегері, сонымен қатар «Олимп шыңы» пәндік олимпиадасында мектеп мұғалімдері жоғары нәтиже көрсетіп, республикада Риспаева Г.Б. Калмаханова А.Б. - І орын, Ногаева Н.М. - ІІ орын, Қарасаева Ж.Б. мен Джатканбаева А.К. - ІІІ орын иеленді. Бұл жетістіктер ұстаздардың өз пәндерін терең меңгергендігін және кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейде екенін дәлелдейді. Облыстық деңгейдегі байқауларда да мектеп педагогтері үздік нәтижелер көрсетті. Математика пәнінен Шаханова Ф.С. «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңінде І орын иеленді. Осы байқауда Әпсаттар Пернегүл мен Кульбаракова Алия ІІІ орын жүлдегерлері атанды. Педагогтердің зерттеушілік мәдениетін дамытуға бағытталған «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» облыстық ғылыми-практикалық конференциясының постер байқауында Калмаханова А.Б., Сүйеншбаева К.Д., Нұрбекова А.К. шығармашылық тобы І орынға ие болды. Сонымен қатар Абдрахманова Қ.К. да осы байқауда І орын жеңімпазы атанды. Цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану бағытында Карымсакова Д.Б. «Онлайн шеберхана жобасы» аясында өткен облыстық «Үздік бейнесабақ» байқауында ІІ орын иеленіп, заманауи білім беру технологияларын қолданудағы тәжірибесін көрсетті. Педагогтердің бұл жетістіктері – мектеп ұжымының бірлескен еңбегінің, үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылысының және сапалы білім берудегі жауапкершілігінің айқын көрінісі. Нәтижесінде білім ордасында түрлі жобалар мен іс-шаралар табысты жүзеге асырылып, оқушылар мен педагогтердің жетістіктері артып келеді.Бүгінде мектеп ұжымы білім берудегі заманауи талаптарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруға, олардың ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуына ерекше көңіл бөлуде. Соның нәтижесінде мектеп шәкірттері республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Робототехника мен инженерия саласы – бүгінгі заманның ең сұранысқа ие бағыттарының бірі. Осы бағытта мектеп оқушылары ерекше нәтижелер көрсетіп келеді. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында орналасқан «Шабыт» орталығында өткен «NatROBOCom-2025» республикалық жарысында оқушыларымыз өз білімдері мен шеберліктерін жоғары деңгейде дәлелдей білді. Атап айтқанда, Серік Қазына мен Телтай Айару ұлттық ойындар бағыты бойынша ұйымдастырылған «Асық ату» категориясында ІІ орын иеленді. Сонымен қатар аталған оқушылар техникалық бағыттағы байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп, облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің дарынды оқушылармен өткен кездесуіне қатысу құрметіне ие болды. Бұл жетістік оқушылардың еңбекқорлығы мен шығармашылық ізденісінің жемісі ғана емес, сонымен қатар мектепте жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі болып табылады. «INFORMATRIX-ASIA - 2025» халықаралық компютер жобасынан Тұрарбек Ерсұлтан І орын иеленсе, «FIRST» халықаралық байқауында мектептің «ROBO қарақшылары» командасы І орынға қол жеткізіп, «Robo-қазушылар» командасы халықаралық чемпионатта «Ең креативті инженерлер» аталымымен марапатталды. «Astana Tech Cup» республикалық жарысында «Queens» командасы «Entrepreneurship Challenges» бағыты бойынша І орын жеңіп алып, үздік стартап жоба атанды. Сонымен қатар «Tiger» командасы робот сумо сайысында ІІІ орынға ие болды. «Ara-Life» жобасы халықаралық кезеңге жолдама алып, Түркиядағы халықаралық додада Қазақстан намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды. Республикалық зерттеу жобалары конкурсында мектеп оқушылары әртүрлі бағыттар жүлделі орындарға ие болды.. Атап айтқанда, Дәулет Інжу, Жорабай Айлиза, Айдархан Әділжан, Нұрлан Аяла, Берік Ботакөз және Азимхан Даниаль қалалық кезеңнің жүлдегерлері атанды. Сұлтан Айша физика бағыты бойынша облыстық кезеңде ІІІ орын иеленсе, Жалмағанбет Ерсұлтан қазақ тілі мен әдебиеті бағытында облыстық ІІ орынға ие болды. Оразақынова Інкар этномәдениеттану секциясында облыстық І орын жеңіп алып, ерекше нәтиже көрсетті. Қалалық олимпиадада Зейнетдин Кәусар (информатика) мен Қобланды Әлия (ағылшын тілі) І орын иеленсе, көптеген оқушылар ІІ және ІІІ орындарға қол жеткізді. Облыстық кезеңде Құдайберген Алтынай, Пәрінбек Әмина және Нұрсейт Аягөз жүлделі орындарға ие болып, мектеп абыройын асқақтатты. Мектеп оқушылары «Алтын сақа», «Бастау» республикалық математикалық олимпиадалары сияқты мамандандырылған білім сайыстарында да үздік нәтижелер көрсетті. Айдархан Әділжан «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық және облыстық кезеңдерінде І орын алып, республикалық кезеңде ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар Бақыт Адия, Апжапар Айзере, Әбдіразақ Баймырза және басқа да көптеген оқушылар жүлделі орындарға қол жеткізіп, математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейін көрсетті. Мектеп оқушылары әдебиет, өнер және мәдениет бағытындағы шығармашылық байқауларда да ерекше белсенділік танытты. Нұргелді Гүлім «Шерхан Мұртаза оқулары» байқауының қалалық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде І орын, республикалық кезеңінде ІІ орын иеленді. Сондай-ақ Құттыбай Бегімжан «Махамбет оқулары», Пәрінбек Әмина «Бауыржан оқулары», Қобыланды Әлия Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңінде ІІІ орынға, Мұқан Тоғжан ағылшын тіліндегі шығармашылық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, өздерінің жан-жақты қабілеттерін дәлелдеді. Мектепте ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» бағдарламалық мақаласында көрсетілген құндылықтарды жастар арасында насихаттау мақсатында өткізілген «Тәуелсіздік дарыны» республикалық байқауында Мырзахмет Ердәулет жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орын иеленді. «Біртұтас тәрбие – құндылықтар сабақтастығы» атты балалар шығармашылық фестивалінде Бас жүлде иегері атанса, «ДоStar» жазғы сауықтыру және еңбек лагері ұлттық құндылықтарды насихаттауға, оларды бала бойына сіңіртуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асырды. Нәтижесінде қалалық байқауда "Үздік мектеп жанындағы лагерь -2025" байқауында Бас жүлдені иеленді. «Келешек» ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар оқушылардың білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, олардың ғылыми ізденіске ұмтылуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және заманауи технологияларды меңгеруіне үлкен мүмкіндік беруде. Бүгінде білім, ғылым, робототехника, инновация және шығармашылық салаларында қол жеткізіліп отырған жетістіктер – осы бағыттағы мақсатты еңбектің айқын көрінісі. №66 орта мектеп ұстаздары алдағы уақытта да білім беру сапасын арттыру жолында тың бастамалар көтеріп, шәкірт тәрбиелеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізе беретініне сенім мол.