Шортанбекова Фарида Советбековна » «№66 орта мектебі»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№66 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(747) 113-26-15
Есепші бөлімі:
+7(747) 113-26-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шортанбекова Фарида Советбековна
11
қараша
2024

Шортанбекова Фарида Советбековна

Шортанбекова Фарида Советбековна

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №66 орта мектеп директоры











1974 жылы 21 наурызда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Сұрат селосында дүниеге келген. 

1993-1997ж., М.Х.Дулати атындағы Жамбыл университетін қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. 


Еңбек жолы:

1998-1999жж. - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, №30 орта мектебі, Тараз қаласы.

1999-2004жж.- №30 орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Тараз қаласы.

2004-2007жж.- №30 орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Тараз қаласы.

2007-2017жж. - №53 орта мектепте директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары,           Тараз қаласы.

 2017-2024 Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы директоры. 

2024 жылдың 6 қарашасынан  Тараз қаласының білім бөлімінің №66 орта мектеп директоры. 

Жетістіктері;

2018 жылы қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасынан І орын иеленді. 

2019 жылы «Ең үздік жас директор» байқауының қалалық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде бас жүлде иеленді.

2021 жылы облыстық «Табысты менеджер» байқауының бас жүлде иегері.

2007-2016 жылдары «Мектеп – білім мен тәрбие тірегі», «Ең үздік сабақ жоспарлары», «Үздік сыныптан тыс жұмыстар», «Жаңашыл инновация оқу-тәрбие үрдісінде», «Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістері мен түрлері», «Мектептегі әдістемелік қызметтің үлгісі» әдістемелік құралдардың авторы.

2017 жылы «Жобалық іс-әрекет арқылы оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыруды ұйымдастыру-басқару объектілері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырды. 

2018 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы ұйымдастырған «Білім берудегі инновациялар: Ізденіс және шешімдер» V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында іс-тәжірибесімен бөлісті, конференция жинағына баяндамасы енді.

2019 жылы Оңтүстік аймақтық жетекші мектептерінің «Жаңару жаршысы – 2019» атты І халықаралық форумда іс-тәжірибесімен бөлісті. 

2019 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Алғыс хаты. 

2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты. 

2018 жылы Жетекші мектеп пен серіктес мектептер жұмысын үйлестіріп, мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасағаны үшін ПШО Грамотасы.

2017 жылы «Гимназия жағдайында оқушылардың зерттеу мәдениетін жобалық іс-әрекет арқылы дамыту технологиясы мен тәжірибесі» әдістемелік құралы жарық көрді.

2018 жылы «Өнер пәндерінде жобалау технологиясын пайдалану жолдары: теория, технология және тәжірибесі» әдістемелік құралы жарық көрді.

2018 жылы «Гимназия жағдайында оқушылардың зерттеу мәдениетін жобалық іс-әрекет арқылы дамытудың педагогикалық аспектілері» әдістемелік құралы жарық көрді.

2018 жылы «Рухани жаңғыру бағдарламасын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру: бүгіні мен болашағы» атты облыстық ғылыми –практикалық конференция материалдарына жинағы енді.  

2019 жылы «Педагог және қоғам» республикалық ғылыми-практикалық журналына «Зиялыларды тәрбиелейтін білім ордасы» мақаласы жарияланды. 

2020 жылы Педагог мәртебесі облыстық журналының №3-4 санында "Табысты мектеп: Идеядан нәтижеге дейін" мақаласы жарияланды.

2020 жылы Көшбасшы – мұғалім республикалық журналының №12 санында «Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы» мақаласы жарияланды.

2021 жылы "Заманауи білім беру" республикалық журналының №1(122) санында «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» мақаласы жарияланды 

            2021 жылы «XIV жаһандық ғылымдар және инновациялар 2021: Орталық Азия» халықаралық ғылыми-практикалық журналында мақаласы жарияланды.

2021 жылы Білімді Ел республикалық газетінің №5(259) санында  «Инновациялық бағыттағы қызметтер» мақаласы жарияланды 

2021 жылы «Білімді Ел» республикалық газетінің   №7(261) санында «Үздіксіз ізденіспен ілгерілеудеміз» мақаласы жарияланды. 

    Осы уақыт аралығында өзін білікті маман ретінде көрсетті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» (2006ж), Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері белгісімен (2016ж), Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2024ж)марапатталды. облыстық білім басқармасының, облыстық педагог қызметкерлердің кәсіподақ ұйымдары, қалалық білім бөлімінің мақтау грамоталарымен марапатталған.

    Фарида Советбековна – көшбасшылық сипатты иеленеді, өзіне сенімді, белсенді. Прогматик және реалист. Алдына үлкен мақсат қояды және оған жете біледі. Тәжірибелік қызметте шынайы, мәселелерді деру шешкенді қалайды. Басым жақтары: бастамашыл және жігерлі, өз көзқарасын қорғауға қабілетті, адамдармен сөйлесе алуы, күтпеген жағдайларда шешімдерді тез қабылдап қимылға көше алуы, сын көтере алуы және одан нәтиже шығару. Кәсіби маңызды қасиеттері: коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттер, эмоционалды тұрақтылық, тұрақтылық және көңіл бөлу, ізгі ниеттілік, өзін-өзі ұстай білу және шыдамдылық, байқампаздық. Жеке бас ерекшеліктері: ұстамдылық, адамгершілік тұрғыдан түсінік, жауаптылық, бастаған істі соңына дейін жеткізу және орындалуын қадағалау, әділ.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив