08
сәуір
2025
Ғылым әлемін ашамыз
«Ғылым әлемін ашамыз» атты байқауының мектепішілік кезеңі бастау алды.
Зияткерлік қабілетімен, шығармашылық ізденісімен ерекшеленетін оқушылар 12 секция бойынша өз ғылыми жобаларын қорғауда. Бұл байқау – оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға, ғылымға қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды алаң.
Байқау аясында оқушылар түрлі бағыттағы өзекті тақырыптар бойынша тың идеялар ұсынып, білім мен ой ұшқырлығын көрсетуде. Алда жоба қорғау кезеңдері жалғасып, үздік деп танылған жұмыстар қалалық кезеңге жолдама алады.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! Ізденістеріңіз бен еңбектеріңіз жемісті болсын!