"БАЛА БИ" ШЕШЕНДІК ӨНЕР САЙЫСЫ » «№66 орта мектебі»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№66 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(747) 113-26-15
Есепші бөлімі:
+7(747) 113-26-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "БАЛА БИ" ШЕШЕНДІК ӨНЕР САЙЫСЫ
22
наурыз
2025

"БАЛА БИ" ШЕШЕНДІК ӨНЕР САЙЫСЫ

БОЛАШАҚТЫҢ СУДЬЯЛАРЫ МЕН КӨШБАСЫШЫЛАРЫ : "БАЛА БИ"
ШЕШЕНДІК ӨНЕР САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

🇰🇿Оқушылар  арасында халық ауыз әдебиетін насихаттауға, оны күнделікті өмірде қолдана білуге және сөз қисынын тауып айтатын оқушыларды қолдау мақсатында 8 "Ә" мен 8 "Г" сыныбының арасында "БАЛА БИ" шешендік өнер сайысы ұйымдастырылды.
📌Сайыс "Қоржын", "Ұлылар сөзі", "Ұшқыр ой" бөлімдерінен құралды. 
✅ "Қоржын" кезеңінде қатысушыларға "Суреттер сөйлейді"  бөлімі арқылы мақал-мәтелдерді табу, сонымен қатар,, жұмбақтардың шешімін табу ұсынылды.
✅ "Ұлылар сөзі" бөлімінде  үй тапсырмасы бойынша шешендік сөз тарихы басталатын Майқы би, Аяз биден бастап, Жиренше шешен, Асан қайғы,  Дулат, Мұрат, Мөңке, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Төле бидің сөздері алдын ала беріліп, қатысушылар жатқа оқыды.
✅ "Ұшқыр ой" бөлімінде қатысушыларға бірнеше тақырыптар беріліп, бүгінгі күннің басты мәселелерімен байланыстырып, көзқарасын білдіру ұсынылды. 
✅ Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар номинациялар бойынша марапатталды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив