20
наурыз
2025
Ұлттық киім – ұлт ажары
Ұлттық киім – ұлт ажары
7-сыныптар арасында «Ұлттық киім – ұлт ажары» атты этно-fashion ұлттық киімдер фестивалі өтті.
“Этно фейшн” фестивалінің басты мақсаты – ұлттық киімді дәріптеу, қазақтың дәстүрлі мәдениетін насихаттау және заманауи сән индустриясында ұлттық нақыштағы киімдерді танымал ету. Фестиваль арқылы халықтың ұлттық сана-сезімін оятып, жас дизайнерлерге қолдау көрсету және қазақтың бай мұрасын жаңаша үлгіде көрсету көзделеді.
Сонымен қатар, бұл шара ұлттық киімдерді күнделікті өмірде кию мәдениетін қалыптастыруға, халық арасында ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етеді. Фестивальге қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Ұйымдастырушылар:Сейтжан Ә.Қ. Көбеева М.Қ.
