27
наурыз
2025
“Қазақ еліне мың алғыс!”
Алғыс айту күніне орай 8-сыныптар арасында “Қазақ еліне мың алғыс!” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар алғыс айту мерекесінің шығу тарихы, маңызы, әлем елдерінде қалай аталып өтілетіні туралы қызықты ақпараттармен бөлісті. Отанға, туған жерге арнап өлең жолдарын оқыды.
Мақсаты: қоғамдағы бейбітшілік пен бірлік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ адамдар арасындағы өзара құрмет пен алғыс білдіру дәстүрін нығайту.
