«АДАЛ АЗАМАТ ҚАЛЫПТАСТЫРДУЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ» тақырыбында оқушылар арасында пікірсайыс өткізілді » «№66 орта мектебі»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№66 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(747) 113-26-15
Есепші бөлімі:
+7(747) 113-26-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АДАЛ АЗАМАТ ҚАЛЫПТАСТЫРДУЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ» тақырыбында оқушылар арасында пікірсайыс өткізілді
16
қазан
2025

«АДАЛ АЗАМАТ ҚАЛЫПТАСТЫРДУЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ» тақырыбында оқушылар арасында пікірсайыс өткізілді






«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Тәуелсіздік және Отаншылдық айына орай 25 қазан – Республика күні қарсаңында №66 орта мектебі мен «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «АДАЛ АЗАМАТ ҚАЛЫПТАСТЫРДУЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ» тақырыбында оқушылар арасында пікірсайыс өткізілді. Көрсетілім ойынында «Үздік кейс» номинациясымен Қобланды Әлия және Бақытжан Шах Диар марапатталды. Ал, «Үздік аналитик» номинациясын Тілеухан Кәусар мен Пәрінбек Амина иеленді. Бұл көрсетілім ойыны — жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттыруға, отансүйгіштік пен адалдық қағидаларын санасына сіңіруге бағытталған игі бастама.Пікірсайыс барысында оқушылар түрлі әлеуметтік, этикалық, азаматтық тақырыптарды қозғап, өз ойларын дәлелді, логикалық әрі сенімді түрде жеткізе білді.
Адал азамат дегеніміз кім?
Адал азамат — өз Отанына шын ниетімен қызмет ететін, әділдік пен парасатты биік қоятын, қоғамдық мүддені жеке бастың пайдасынан жоғары қоятын тұлға. Адалдық — тек материалдық тазалық емес, ол – ой тазалығы, ар-ұят, жауапкершілік пен шынайылықтың белгісі.
Осындай игі шаралар жасөспірімдердің бойында:
✔ әділ шешім қабылдау қабілетін,
✔ өз пікірін ашық айту дағдысын,
✔ қоғамдық жауапкершілік пен белсенділікті қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
 Әрбір жас — ертеңгі ел болашағы. Ендеше, адал азамат тәрбиелеу – жарқын келешекке салынған сенімді көпір.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив