06
мамыр
2025
Ардагерлер кеңесі
Білім басқармасы жанынан құрылған Ардагерлер кеңесі бүгін №66 орта мектебінде болып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларға қолдау білдірді.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Құрманбекова Сұлушаш Сатбекқызы бастап, облыс бойынша 15 ардагер ұстаздар мектеп қабырғасында болып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №66 орта мектебінің жаңа инфрақұрылымымен және оқу сыныптары мен би залы, робототехника кабинетіндегі үйірме жұмыстарымен танысты. Білім алып жатқан оқушылармен тілдесіп, пікір алмасты.
Мектеп директоры Шортанбекова Фарида Советбекқызы мектептің тәрбие жұмыстары бойынша «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, «МектепLIVE» медиа жобасындағы жеті бағытпен танысып, мектептің жас тілшілерімен сұхбаттасты.
Ардагер ұстаздар оқушылар арасында белсенді өмірлік позицияны қалыптастыруға бағытталған жұмыстарға ризашылықтарын жеткізді. Білім сапасын арттыру жолында жасалып жатқан жұмыстарға жоғары бағаларын берді.