06
қараша
2024
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
КЕРІМБЕКОВА АЙГҮЛ СМАНҚЫЗЫ
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

1972 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданында туылған. Жоғары білімді, 1991 жылы Абай атындағы Жамбыл педагогикалық училищесін, 2005 жылы Әулие-Ата университетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1991 жылы Байзақ ауданындағы Ленин совхозында бастауыш сынып мұғалімі болып бастады;
1991-1998 жж Байзақ ауданында Ленин атындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі;
1998-2012 жылдары Тараз қаласындағы №47 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі;
2012-2024 жылдары Тараз қаласындағы №47 орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
2024 жылдың 6 қарашасынан бастап Тараз қаласындағы N66 орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Үш баланың анасы.